Кәсіптік бағдарлау жұмысы бойынша мектеп жоспарын іске асыру мақсатында 2024 жылғы қаңтарда Қостанай жоғары педагогикалық колледжі, Қостанай ауыл шаруашылық колледжі, Қостанай құрылыс колледжі, Қостанай индустриялық-педагогикалық колледждерінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізілді. 9-сыныптарға арналған ата-аналар жиналысын өткізу барысында аталған орта-арнайы оқу орындарының оқытушылары мамандықтар мен болашақ мамандықтар туралы сұрақтарды егжей-тегжейлі түсіндіріп, қосымша бейнефильм көрсетті. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Сондай-ақ 9 сынып оқушылары өздерінің сынып жетекшілерімен бірге Қостанай жоғары политехникалық колледжі мен Қостанай индустриалды-педагогикалық колледждеріне экскурсия жасады. Экскурсия барысында оларға шеберханалар мен оқу сыныптары көрсетіліп, осы колледждердің оқытушыларымен,студенттерімен кездесулер ұйымдастырылды.
8-сынып оқушылары ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұйымдастыруымен өткен кездесуде болды. 8 сынып оқушыларына полицейлердің жұмыс ерекшеліктері түсіндірілді.Олар СОБР мен «Арлан» жасағының көрнекі қойылымдарын тамашалады.Қостанай қаласының кинологиялық орталығының қызметімен танысты.
- Басты бет
- /
- Қостанай қаласы колледждерінің өкілдерімен кездесулер
Қостанай қаласы колледждерінің өкілдерімен кездесулер
